Bugin
Алматылық суретші қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек ханның шағын адамдардан құралған портретін салды. Бұл туралы Bugin.kz порталы суретшінің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
27 жастағы Әсел Сабыржанқызы осы әдіспен сурет салуға (заттардың портреті) елдегі соңғы қайғылы оқиғалар түрткі болғанын атап өтті.
- «Бұрын, Керей мен Жәнібек хандар үнемі өзара тартыстан шаршаған біздің тәкаппар әрі еркін халқымызды біріктірді. Сол кезде ата-бабаларымыздың араздықтан арылып, бейбіт аспан астында өмір сүргісі келгені Қазақ хандығының құрылуына себеп болды. Ендігі кезек бізде. Ата-баба өсиетін ұстанып, бір жұдырық болып жұмылып, мемлекет үшін сын сағаттарда бір-бірімізге қолдау көрсете отырып, Қазақстанның жаңа дәуірде гүлденуіне бірге жетуіміз керек», - деп жазды Әсел.