Бүгін түнде Алматы қаласында төтенше жағдай аяқталады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының комендатурасы 19.01.2022 жылы сағат 00:00-де Алматыда төтенше жағдай мен коменданттық сағаттың аяқталатынын хабарлайды.

Алайда Алматы аумағында антитеррорлық іс-шара режимі және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейінің сақталғандығы туралы естеріңізге саламыз.

Терроризмге қарсы іс-шаралар аясында Алматы қалалық ПД, Ұлттық ұланның және ҚР қорғаныс Министрлігінің әскери қызметкерлерінің күштері қаланы тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етеді. Блокпосттар жұмысын жалғастыруда.

Террорлық қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына азаматтардың заттарын, көлік құралдарын жеке тінтуге, сондай-ақ олардың қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға рұқсат етілгенін еске саламыз.  Шерулер мен митингтерге тыйым салынады.

Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз. Антитеррорлық іс-шара режимінің аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарлаймыз.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61