Bugin
Түркияда қазақстандықтардың баспанаға деген сұранысы 2021 жылы айтарлықтай өскен. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Статистикаға сүйенсек, өткен жылы Қазақстан азаматтары Түркиядан 2090 пәтер мен үй сатып алған. Бұл транзакциялар саны 1171 болған, яғни 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Жалпы Түркияда шетелдіктерге баспана сату бір жылда 44 пайызға артып, 59,3 мыңға жеткен. Қазақстандықтар осы елде пәтер мен үй сатып алған барлық шетелдіктер арасында 6-шы орынға ие болды. 2021 жылы Түркиядағы ең көп шетелдік үй сатып алушылар Иран мен Ирак азаматтары болып табылады, олар сәйкесінше 10 мың және 8,7 мың пәтер мен үй сатып алған.
Қазақстандықтар 2021 жылдың желтоқсан айында тұрғын үй сатып алуда ерекше белсенділік танытты – 282, бұл 2020 жылдың сәйкес айларымен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Осылайша, қазақстандықтар өткен жылдың желтоқсан айында Түркиядағы жылжымайтын мүлік сатып алушылардың бестігіне енді.
Ыстамбұл, Анталия, Анкара, Мерсин, Бурса және Измир шетелдіктер арасында танымал аймақтар болып қала береді.
Сарапшылардың пікірінше, тұрғын үйге сұраныстың өсуінің негізгі себептері – пандемия, соның салдарынан көп адам қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды және 2020 жылы сұраныстың төмендеуі, елге кіру бірнеше айларда шектелген.