Елбасы халыққа: Назарбаев үндеуді нақты қай жерде жасады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Видеодан алынған кадр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев видеоүндеуін елордадағы резиденциясында жасаған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына видеоүндеуді қайдан жолдағаны белгілі болды, деп хабарлайды bugin.kz порталы Экспресс К басылымына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы рет 28 желтоқсанда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында халық алдына шыққан. Кейін, тек 8 қаңтарда баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның елордада екенін айтты.

Ал бүгін Елбасы халық алдына шығып, өзінің зейнетте екенін айтып, видеоүндеу жолдады. Желіде осы үндеудің қай жерде жасалғанына қатысты алып-қашпа әңгімелер көбейді.

Соған орай Экспресс К тілшісі Тұңғыш Президенттің кабинетін бұрынғы жиын өткен кеңселермен салыстырып көрген еді. 6 желтоқсанда Қазақстанға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев ресми сапармен келген болатын. Сол кезде Елбасы өзбек басшысын осы кабинетте қабылдаған. Бұл кездесуден фотолар Шавкат Мирзиеевтің Instagram-дағы парақшасында жарияланған. Сонымен қатар телеарналарда да видеосюжет бар.

Яғни бұл видео Елбасының резиденциясы саналатын кітапханадағы жұмыс бөлмесінен түсірілген.

Айта кетейік, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа үндеу жасағанын жазған болатынбыз