Bugin
2021 жылы республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 310,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 81,3 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды bugin.kz порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
«2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 529,3 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 168,3 мың адамды құрайды.
Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады», - делінген министрлік хабарламасында.