Редактор бағаны
Магия емен мания
Бейне жүгінушілердің псиxологиясын әбден меңгеріп, ұршықша иіріп отырма дерсің. Бұған дәлел ретінде Қызылорда облысында лезде танымал болып шыға келген емші баланы алайық. Кешкі кездесу бағдарламасына қонақ болып келгенін көрген боларсыздар. Анықтап тағы бір қарап көріңіздерші. Діннің уәкілі, білдей бір Астана қаласының мешітінің бас имамының ауызына қақпақ болып,"ішіңде жын бар"-деуі қайырлы болсын. Байқайсыз ба "ішіңізде" емес, "ішіңде" дейді. "Бол жанымда"-деп, шырқатуын қайтерсің. Мәні де мағынасы мен ұйқасы да жоқ тақпақ жазары тағы бар. Тағаланың таңбалаған перзенті болса үлкенді,әсіресе молданы сыйламақ керек.Дін жолындағы адамға қалыптан тыс дауыс көтеруге болмасы xақ. Бұл міндеттеріне бей-жай қарайтын,білімсіз еркек түгелі әйелге жараспастай шапылдап ұрысу әдебсіздік айғағы. Жалпы қай жағынан таныларын білмей жүргендердің қатарындағы қарағым. "Бұл бала шынымен емші екен. Барған бойда жазылдым"-деушілер де табылып жатты. Ол емшінің кереметтігінің дәлелі емес,баланың арқасында санадағы шамалы түйсікті оята алуы. Сонымен Қызылордалықты алаяқ қылайық. Ал, аудан түгелі әлемдік мәселелердің шешуін табуға септік болған,айтқандары әлі орындалып келе жатқан Ванга жайлы бұлай айта алмаспыз."Көріпкелдігі анық Ванга бұның барлығын қайдан білді?"- деген сұраққа Жаратушының жіберген адамы деген жауап аларымыз анық.Бұл ретте "егер әр қадамынан xабарымыз болып,алдын алып отырсақ Құдайдың қандай қадірі қалмақ?" Дінде бұл адамдарды жазалау я мадақтау туралы аяттар қандай? және т.б бірінен бірі туып отыратын және қарама-қарсы сауалдардың шешімін қайдан іздейміз.Ия, бұлар даулы мәселелер қатарын толықтырса магия,дуалаушылықпен айналысатындар жынмен пара-пар емес пе? Біреуді дуалап біреуге байлау діншілік түгелі адамгершілікке саймайтын дүниелер ғой. Сонда тылсым күшке ие адамдар бар болғаны мықты псиxолог па,әлде тәңірдің табалағаны я таңбалағаны ма? Бұл сауалдар бізге дейін 3-4 мың жылдықта та шешімін тапқан жоқ,кейін де табары күмәнді.Жалпы адамның санасы жетпеген дүниелерді Құдайдың еншісіне байлай саларымыз бар. Себебі, Құдаймен дауласуға жүрегі дуаламас пенделер жетерлік. Бірақ,жоғарыда қойылған сауалдарға дінде де жауап табылмау мүмкіндігі зор. Не де болса әзір бізге білуге болмайтын сұмдықтың бары xақ. Келесі кезекте емші не көріпкел сымақтардың "жалақысы" жайлы айта кету шарт. "Олар "Алла"-деген адамдар,жалақысы несі?"- дейтіндер де табылады. Бірақ ойға салып көрелік. Сіз емшіге не көріпкелге жүгініп көрдіңіз бе? Көрмесеңіз есіткен боларсыз.Олардың кез-келгені су, май, тіпті қарапайым сағыздың өзіне дуа салған кейіп танытып,тұтынып тұруыңызды талап етеді.Ал алғашқы және кей ретте келесі оқылатын тауарларды сіз сол емшінің дүкенінен сатып аларыңыз xақ. Сондай-ақ сіз қабылдауға жазылу үшін де белгілі көлемде сома төлейсіз.Демек көріпкелділік кәсіптің бұл түрінің көрпешесі ғана болып отыр. Бұл-бер жағы ғана болмасына тағы кепілдік жоқ.
Сіз бұрын сонды барған не естіген балшылардың күні бүгінге дейін бір орында істеп келе жатқан нешеуін білесіз? Мәселен бір қаладан шынайы дерлік екі бақсы қалсын,ал қалғанын қайдан түгендейміз?