Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыдағы антитеррорлық операция және жолдардың жабылуы туралы полиция хабарлама жасады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Терроризмге қарсы операцияға байланысты бүгін, 19 қаңтарда келесі аумақтарда көлік қозғалысы уақытша жабылады:
- Абылай хан көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағытта
- Төле би даңғылы бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта.
Алматыда лаңкестік қауіптің «қызыл» деңгейі бар.
ҚДТ қозғалысы (Қазақстан соты экстремистік деп таныды) еліміздің аймақтарында рұқсат етілмеген митингі жариялады.