Bugin

Алғаш рет Олимпиада құрамасының киімінде еліміздің атауы қазақ тілінде жазылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан тарихында тұңғыш рет олимпиада командасының құрал — жабдықтарында еліміздің қазақ тіліндегі атауы - "QAZAQSTAN" жазылады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Kazakhstan Olympic Team сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жабдық элементін - халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгертуге рұқсат Халықаралық Олимпиада комитетінен алынды.

Бұл ретте Қазақстан ХОК-тың үш әріптік кодтарының тізімінде KAZ белгісімен қалып отыр, өйткені аббревиатура халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады. 

Қазақстан ҰОК-ы ана тілінде орындалған олимпиадалық киім-кешектің маңызды элементтерінің бірі атлеттерге сенімділік беріп, олар үшін отандастарды қолдаудың символына айналатынына сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындары төртінші ақпан күні басталады. Оларда 109 медаль жиынтығы ойнатылады.