Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМәжілістегі "Ақ жол" фракциясы президенттің "олигархтар халықпен бөлісуі керек" деген бастамасын қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Депутат ұсақ және шағын бизнесті патентке ауыстыру арқасында мыңдаған жұмыс орны ашылады деп санайды. Тіпті, жұмыспен қамту бағдарламалары аясында жасалмаған жұмысты тындыруға болады.
- "Ол бағдарламаларға миллиардтаған ақша бөлінген. Бірақ басым бөлігі ұрланып тұрған. Бизнесті патентке ауыстырса, салықшылардың қолы босайды. Олар нақты жемқорлар мен олигархтарды ұстап, ұрланған ақшаны қайтаруға тиіс. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша ол ақшаның көлемі 160 миллиард долларды құрайды және Қазақстанның бір жылдық ішкі жалпы өніміне тең. Міне, бюджет кірістерінің резерві сонда жатыр. Үкімет пен фискалдар сол жерде өз табандылығын танытуы шарт", - деді Перуашев.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61