Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМәжіліс мүгедектігі бар адамдарды партия тізіміне қосу туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Bugin.kz порталы informburo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды.
Аталған заң жобасының мақсаты – биліктің өкілді тармағында әйел және жастар, сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдардың да қатысуын қамтамасыз ету, пікірін ескеру, оларды мемлекеттің тыныс-тіршілігінде белсенді жұмысқа тарту.
- "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасы әзірленді. Конституциялық заң жобасы әйелдер, 29 жасқа толмаған адамдар және мүгедек азаматтар үшін 30% квотадан басқа, оларды парламент мәжілісінде депутаттық мандаттарды бөлу кезінде есепке алу қажеттілігін бекітуді көздейді", – деді Қанат Мусин.
Әділет министрі ұсынылып отырған конституциялық заң жобасы нысаналы топтармен әртүрлі алаңда қаралғанын айтты.
- "Бұл түзетулер әйел, жастар, ерекше қажеттілігі бар адамдардың еліміздің заң шығару органында өкілдігін кеңейту үшін маңызды қадам болып саналатынын атап өткен жөн. Бұл заңдардың сапасына сөзсіз әсер етеді", – деді Қанат Мусин.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61