Қоғам

Ангела Меркель БҰҰ-дағы беделді қызметтен бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштің ұйымға кеңесші ретінде жұмыс істеу ұсынысынан бас тартты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Der Spiegel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, экс-канцлер Гутерришпен БҰҰ-дағы жұмысы туралы телефон арқылы сөйлескен. 

«Ангела Меркель өткен аптада БҰҰ Бас хатшысына телефон соғып, алғысын білдіріп, ұсынысты қабылдамайтынын айтты», - делінген хабарламада.