COVID-19

Билл Гейтс коронавирустан да қауіпті пандемия болуы мүмкін екенін ескертті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Microsoft негізін қалаушы миллиардер Билл Гейтс коронавирустан қауіпті пандемия болуы мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ, ол барлық елдің үкіметін келесі жаһандық індетпен күресуге миллиардтаған қаражат бөлуге шақырды. Бұл туралы Bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды. 

- «Омикрон» және «дельта» коронавирусының штамдары бұрын-соңды болмаған ең көп таралған вирустардың бірі., Алдағы уақытта әлем өлім - жітімнің немесе ауыр аурудың анағұрлым жоғары деңгейіне әкелетін патогенге тап болуы мүмкін» - деді ол.

Билл және Мелинда Гейтс пен британдық Wellcome Trust қоры пандемияға дайындық саласындағы инновациялар коалициясына 300 миллион доллар бөледі. Бұл Covax вакциналарын төмен және орташа табысты елдерге жеткізу бағдарламасын құруға көмектеспек.

Оның айтуынша, болашақ пандемияға дайындалуға бағытталған инновациялардың көпшілігі денсаулық сақтаудың жаһандық мәселелерін шешуге, мысалы, АИТВ-ға қарсы вакцина жасау және туберкулез бен безгекке қарсы тиімді вакцинация жасау үшін пайдалы болуы мүмкін.