Bugin
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ату бұйрығы шерушілерге емес, қарулы содырларға қарсы бағытталғанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 қаңтарда елдегі жағдайға байланысты құқық қорғау органдары мен әскерге ескертусіз оқ атуға бұйрық берді.
- «Президентіміздің «ескертусіз оқ жаудырыңыз» деген сөздеріне келсек, олар сөзден алынып тасталды. Бұл сөздерді демонстранттарға қарсы (атамыз) айтқысы келген жоқ. Бұл қарулы содырларға «егер олар тоқтатпаса» ескертусіз оқ жаудырыңыз деген күшті сигнал болды. Егер олар қарсылықтарын тоқтатпаса қарулы күштеріміз бен құқық қорғау қызметкерлері содырлармен әскери қарумен күресуге рұқсат алды. «Ескертусіз оқ ату» тек қарулы содырларға қарсы әрекетті білдіреді», - деді Тілеуберді Венада австриялық әріптесі Александр Шалленбергпен кездесуінен кейін.