Bugin
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде тоналған банктер мен микроқаржы ұйымдары шығын көлемін әлі есептеп біткен жоқ. Себебі кейбір банктер тергеуге байланысты бүлінген бөлімшелерге кіре алмай жүр. Бұл туралы Bugin.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге келтірілген шығындардың алдын ала болжамды сомасын жариялады.
- «Бүлікшілер мен тонаушылар ең көп шығынды Алматы банктеріне келтірген. Шығын мөлшері 1,6 миллиард теңгеге бағаланады. Сондай-ақ 871 миллион теңге тұратын техника жойылды. Банк кеңселері қирады, осы тармақ бойынша шығын құны 757 миллион теңге. Бұл сома әлі де өзгеруі мүмкін. Залалдың толық құнын тергеу аяқталғанда жариялаймыз», - деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бастығы Дәурен Нысынбаев.
Агенттіктің мәліметінше, шығынның көп бөлігі ұрланған және бүлінген банкоматтарға тиесілі. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бұзақылар көше бойында және банк бөлімшесінің ішінде тұрған банкоматтарды сындырып жарты миллиард теңгені ұрлаған.
Ел бойынша микроқаржы ұйымдарына келтірілген шығын шамамен 653 миллион теңгені құраған. Алматыдағы филиалдарына 384 миллион теңге, Алматы облысында 140 миллион теңгеге және Қостанай облысында 101 миллион теңгенің мүлкі қираған.