Назарбаевтың ұзақ үнсіздіктен кейін үндеу жасауының басты себебі анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ИМЭМО РАН Посткеңестік зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Станислав Притчин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ үнсіздіктен кейін ел алдына шығуының себебін түсіндірді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Саясаттанушы Назарбаев жалпы елдегі жағдай тұрақталып, жаңа билік вертикалы қалыптаса бастаған тұста мәлімдеме жасап, тұңғыш президентке қатысы бар кейбір адамдардың «осы вертикальдан шығып кеткенін» атап өтті. 

- «Менің ойымша, бұл Назарбаевтың мәлімдемені ұзақ уақыттан кейін жасауының басты себебі – осылайша ол Тоқаевтың шешімін заңдастырып, оған Қауіпсіздік кеңесінің басшысы ретінде өкілеттіктердің берілгенін және өзінің зейнеткер мәртебесін алғанын растады», - деді Притчин.

Ол қазақстандық саясаттың ерекшелігі болып жатқан процестер туралы ақпараттың сирек шығатынында екенін атап өтті.

- «Тек жеке мәлімдемелер мен адамдарды жұмыстан шығару арқылы элитада күрес жүріп жатыр деп қорытынды жасай аламыз», - деп атап өтті сарапшы.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61