Hi-Tech

Fitbit-ақылды білезігі жайлы білесіз бе?

Fitbit фитнес-білезік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық –  адам өмірінің ең басты қазынасы.Бірақ,соны біле тұра денсаулығымыз сыр бергенде ғана бағалай түсетініміз өтірік емес.

Бүгінгі күні адамдар өздерінің денсаулығын сақтау және аурудың алдын алудың қаншалықты маңызды екендігін түсініп жатыр.

Сондықтан да, олар салауатты өмір салтын ұстанып, көпшілік жандар дұрыс тамақтанумен қоса фитнеспен айналысуды құп көреді.

Фитнес-білезіктер-қазіргі дамыған заманда тек қана спорттық атрибут емес. Оны кез келген денсаулығына алаңдаулы жанның қолынан көре аламыз. Жаһандану заманның жетістіктерінің бірі осы фитнес - білезіктер. Алғашқы фитнес-білезіктерін 2009 жылы Fitbit компаниясы шығарған болатын. Әлемді дүр сілкіндірген қол білезігі небәрі 99$ АҚШ долларын құраған. Компанияның алғашқы өнертабысы жүрек қағысын, адам ағзасындағы артық калория мен жүрген қадамдардың санын есептеп, осы қолыңызда тұрған фитнес-білезікте көрсетіп тұрады. Бұл гаджет сіздің өзіңізге қарауыңызды талап етеді. Егер сіздің ағзаңыздағы органдардың жұмыс жасауы өзгеріске ұшыраса, дереу сізге белгі беріп, сіздің өміріңізді құтқарып қалуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, фитнес-білезіктер сіздің ұйқыңыздың қанбағында, сол себепті де тамаққа деген тәбетіңіздің қашу, күш қуатыңыздың төмендеуі спортпен айналысуға кері әсерін тигізетіндігін сізге дәлелдеп береді. Бұл білезіктің ерекшеліктері таусылар емес, сонымен ең ерекшесі  сенсеңіз де, сенбесеңіз де Fitbit фитнес-білезіктері сізді ұйқыдан оятуға да қауқарлы. Осы орайда "Фитнес-білезіктерін қалай қолданамын?" деген сұрақ туындаса, жай ғана қалтафоныңыз арқылы жүзеге асыра аласыз. Ол үшін сізге смартфоныңызға неше түрлі қолданбалы дүниелерді жазып алудың қажеті жоқ, тек байланыс орнатсаңыз жетіп жатыр. Байланыс орнатқаннан кейін смартфоныңызды үйде қалдырсаңызда сізді фитнес-сағаттар жолда қалдырмайды.

Дегенмен де, фитнес-білезіктер барлық ауруыңыздың емі деп қабылдамаңыз. Иә, бұл гаджеттер мына қарбалас өмірде өте ыңғайлы. Иә, олар функционалды және денсаулықты жақсартуға, дене шынықтыруды қадағалауға көмектеседі. Бірақ, негізгі жұмысты адам өзі жүзеге асырады. Сол себепті де түрлі кеңестерге сүйенсек те, өз бетімізбен сағатсыз ақ денсаулығымызға қарауды бастаған жөн.