Қоғам

Назарбаевтың немересі мемлекеттік төңкеріс туралы ескерткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев осыдан бір жарым жыл бұрын атасына қарсы жасалған қастандық туралы ескерткен болатын. Бұл туралы Bugin.kz порталы ORDA.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылды 6 маусым күні ол өзінің Facebook-те осындай хабарлама жазды.

«Жалғыз және бір ғана Құдай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сөзін жіберуді сұрады. Елбасы айналасындағылар салафиттер тобын құрды. Оларға барлық қажетті заттармен демеушілік жасап, оның ішінде қару-жарақпен де қамтамасыз етеді. Олардың саны 400-ге жуық. Олар билікті күшпен басып алуды орындау үшін барлық қажетті қарулармен қаруланған. Билікті күшпен алғысы келеді. Олар ормандар мен тауларда жасырынуда. Олардың бір бөлігі астанаға жақын орналасқан Орталық Қазақстанға көшірілді! Спутниктік және радарлық барлау оларды оңай таба алады! Бұл олардың екінші жоспары! Бірақ бұлай болмайды. Өйткені, альфа мен омега басталуы мен аяқталуы осылай еді!» - деді Айсұлтан Назарбаев.

Біраз уақыттан кейін, Айсұлтан Facebook арқылы Владимир Путинге «Қазақстандағы жоспарланған төңкеріс туралы барлау мәліметтерін» беру үшін жүгінеді. Бұны қарапайым мемлекетаралық арналар арқылы емес, Назарбаевтың жеке қолына берсін деді. Мемлекеттік төңкерісті ЦРУ жасайды деп жазды.

«Қазақстандағы төңкеріс әрекетінің артында АҚШ-тың арнайы қызметтері тұр. Атап айтқанда, ЦРУ, олар салафиттер мен радикалды ағымдардың исламистерін қолданады. Барлығы діни немесе ұлтшылдық негізде басталады! … Басты міндет Ресейді қоршап, оны бейтараптандыру үшін Ресейдің мұрнының астына тәртіпсіздіктер орнату болды. Бұл жоспар 1995 жылы жоспарланған болатын! … Сондай-ақ, оған президенттің жақын ортасы да қатысты, бұл мұқият ойластырылған операция!» - деп жазды ол үш күннен кейін.