Bugin

Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді сынға алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді сынға алды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Президент бюджеттік және мемлекеттік қызметкерлердің бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына жинап жатқандарды сынады.

«Мемлекеттік қызметшілер мен бюджет саласындағы қызметкерлердің бір күндік жалақысын жинай бастады. Ондай бастаманың мүлдем қажеті жоқ. Тағы айтамын, бұл -  бюджеттік қор емес. Ол Қазақстан халқының қоры, сондықтан оның жұмысы ұзақ бюрократтық процедураларға негізделмеуге тиіс», - деді Тоқаев.