Bugin

Тоқаев: Қазақ жастары технократ болуы керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда алдағы білім беру реформалары туралы айтты. Бұл туралы bugin.kz порталы хабарлайды.

«Елімізде білім беру жүйесін қайта өзгерткім келеді. Біз экономистерді, заaңгерлерді, менеджерлерді және т.б. тым көп дайындаймыз. Біз қазір білім беру жүйесін техникалық бағытқа ыңғайластыруымыз қажет. «Болашақ» бағдарламасы қайта бағдарлаймыз. Біздің жастарды оқуға, соның ішінде Ресейге де жіберетін боламыз. Мүмкін, бірінші орында Ресейге, белгілі техникалық жоғары оқу орындарына жіберетін шығармыз», – деді ол.

Сонымен қатар президент техникалық мамандықтарды оқытатын әлемнің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу туралы тапсырмаcы туралы тағы айтып өтті.

«Жас қазақтар техниктер болуы керек. Бұған кәміл сенемін. Үкімет осы мәселелердің барлығын егжей-тегжейлі қарастырғаны жөн. Егер әрбір қаржылық өнеркәсіптік топ заманауи зауыт салып, ауылдардан, қала маңынан, ірі қалалардан келген мың қарапайым баланы оқытса, оларға жақсы және адал ақша табуға мүмкіндік берсе, бұл әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды кепілі», – деді президент.