Bugin

Алматыдағы бұрынғы Фурманов көшесінің атауын Заманбек Нұрқаділовтің атына беру керек – актер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Театр және кино актері Бақыт Тушаев Алматыдағы Фурманов көшесінің атауын Заманбек Нұрқаділовтің атына беруді ұсынды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Алматыдағы бұрынғы Фурманов көшесінің атауын Заманбек Нұрқаділовтің атына ауыстыру керек. Зәкең қай жағынан да әбден лайық. Бұл ұсынысымды мәжіліс депутаттары қолдау керек», – дейді актер.

Бұл пікірді желі қолданушылары мен кейбір өнер өкілдері қолдады.

Ескеретін жайт, Алматыдағы бұрынғы Фурманов, қазіргі Назарбаев даңғылы Жетісу, Алмалы, Бостандық аудандарында орналасқан. 2017 жылдың 30 қарашасында Фурманов көшесі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің құрметіне Назарбаев даңғылы болып өзгертілген болатын.