Bugin

Тоқаев: «Қазақстанда табыс табамыз, басқа елде жұмсаймыз» деген ережеге жол берілмейді»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы отандық ірі кәсіпкерлермен кездесуінде қаражаттың офшорларға кетуіне тосқауыл қою керектігін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

- «Егер, Сіздер, болашақтарыңызды Қазақстанмен байланыстыратын болсаңыздар, онда қаражаттарыңызды өз елімізге салыңыздар. Бұл – Сіздердің Қазақстан алдындағы әлеуметтік және саяси жауапкершіліктеріңіз. «Мұнда табыс табамыз, ал басқа жерде жұмсаймыз» деген қағидатқа жол берілмейді. Сондықтан жұмыс екі бағытта жүргізіледі: капиталды елге қайтарғаны үшін ынталандыру және қаражаттың офшорларға кетуіне жол бермейтін тосқауылдар қою», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.