Bugin

Иран, Ресей және Қытай Үнді мұхитында бірлескен оқу-жаттығуларын бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Иран, Ресей және Қытай Үнді мұхитында теңіз қауіпсіздігін жақсарту мақсатында бірлескен әскери-теңіз жаттығуларын бастады. Бұл туралы Bugin.kz порталы golosameriki.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Иранның мемлекеттік телеарнасы оқу-жаттығуларға Иранның 11 кемесі, сондай-ақ Қытайдың екі және Ресейдің үш кемесі, соның ішінде бір эсминецтің қатысып жатқанын хабарлады. Ислам революциясы Сақшылар корпусы да шағын кемелер және тікұшақтармен маневрлерге қатысады.

Маневрлер Үнді мұхитының солтүстігінде шамамен 17 000 шаршы шақырым аумақты қамтиды және түнгі шайқастарды, құтқару операцияларын және өрт сөндіру жаттығуларын қамтиды.

Бұл үш елдің 2019 жылдан бергі үшінші бірлескен әскери-теңіз жаттығулары.