Bugin
Елімізде қаңтар айының басында болған оқиғалар жылдар бойы жинақталып келе жатқан проблемаларды ашты, деп есептейді Тоқаев.
- «Болған оқиғалар жылдар бойы жинақталған проблемаларды ашты. Біздің алдымызда өзінің маңыздылығы бойынша стратегиялық міндет тұр, ол бүкіл қоғамдық тәртіпті тереңінен трансформациялау болып табылады», - деді Тоқаев жұма күні Қазақстанның ірі бизнесмендерімен кездесуде.
Оның айтуынша, «азаматтардың ұмтылыстары мен мүдделеріне жауап беретін нақты реформалар қажет».
- «Ел өзгерді, азаматтарымыздың билікке, жалпы экономикалық жүйеге деген көзқарасы өзгерді», - деді Тоқаев.