Bugin

Бас санитариялық дәрігер жаңа қаулы шығарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Санитариялық-эпидемиологиялық комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты немесе соңғы 3 айдың ішінде COVID-19-бен ауырып жазылғаны туралы құжатты ұсынған кезде әлеуетті ата-аналардың жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы теріс нәтижесі бар құжатты немесе ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты немесе соңғы 3 айдың ішінде COVID-19-бен ауырып жазылғаны туралы құжатты ұсынған кезде келушілердің, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) баруына рұқсат етіледі;

Толығырақ: Санитариялық-эпидемиологиялық комитет сайтына өтіп көре аласыздар!