Қақтығыс кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда тәртіпсіздік кезінде ұрланған оқ-дәрілер, гранаталар мен полиция қалқаны Құлжа тас жолынан табылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

19 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданының 25 жастағы тұрғыны полицияға жарық - шу гранатасын, 7,62 мм және 5,45 мм калибрлі патрондардың көп мөлшерін, сондай-ақ соққыға қарсы полиция қалқанын әкелген. Ол Құлжа трактінде оқ-дәрілер мен арнайы құралдар Құлжа тас жолында шашылып жатқанын айтқан.

- «Жас жігіт Алматыдан үйіне қайтып келе жатқанын айтты. Ол жол бойында жатқан полиция қалқанын көрген. Тоқтаған соң ол граната мен патрон тапқан. Бәрін жинап, Шелек аудандық полицияға бөліміне өткізді. Ол оқ-дәрілерді өз еркімен өткізгеніне байланысты жауапкершіліктен босатылды. Сондай-ақ, оған ынталандыру ретінде мадақтама беру туралы шешім қабылданды», - деді Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінде.

Тәртіп сақшылары азаматтарды заңсыз жасырынған немесе табылған оқ-дәрілер мен қаруларды құқыққорғау органдарына өткізуге шақырады. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61