Bugin

Лукашенко Қазақстандағы тәртіпсіздіктің артында кім тұрғанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстандағы тәртіпсіздіктердің артында кім тұрғанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы «БЕЛТА» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

 

- «Олар Беларусьтің әректінен тәжірибе алып, қорытынды жасады. Сіздер бұл бандылардың артында және Алматыдағы бүлікшілердің артында кім тұрғанын тіпті білмейсіздер. Бірақ біз мұны біліп отырдық. Ол Литва, Польша, содан кейін Украина болды. Ал оларды американдықтар қаржыландырған. Ол жерде белгілі бір мемлекетің анайы жасағы жұмыс жасаған. Анайы жасақ болмаса, мұндай әрекетті бір күнде жасау мүмкін емес. Барлығы айдан анық, алдағы уақытта шындық ашылатын болады», – дейді Лукашенко. 

Сондай-ақ, Александр Лукашенко  Қазақстан мен Беларусьтегі оқиғалардың айырмашылығын айтты

- «Бізді Қазақстанмен бір деңгейге қоюға болмайды. Сіздер сол оқиғаға деген көзқарасты көрдіңіздер, Қазақстанда жүздеген адам қаза тапты. Ал біздің жағдайда біз "көгілдір фишкаларымыз" болып табылатын кәсіпорындарымызды өз қарамағымызда ұстадық. Егер олар американдықтардың, еуропалықтардың қолында болса, біз 2020 жылдың тамызындағыдай жағдайды бастан өткерер едік. Біірақ билік, ақша, мүлік барлығы белорустардың қолында. Не болса да бұл екі түрлі жағдай, салыстыруға мүлдем келмейді», – дейді ол.