Bugin

Қарағандыда жеке емханада лифт құлап, бір адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағандыда жеке емханада лифт құлауы салдарынан бір ер адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

- «19.01.2022 сағат 12:30 шамасында 2 зардап шегуші профессор Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. 1948 жылы туған ер адам және 1997 ж.т. Екі науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Ер адам шұғыл түрде ота жасауға жеткізілді, бірақ қолданылған шараларға қарамастан науқас қайтыс болды. Бүгінде әйелдің денсаулығы орташа ауыр деп бағалануда. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол қажетті ем-домды толық көлемде алып жатыр», - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты.

Полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.