Bugin
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесіндегі Қазақстанның өкілі болады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
- «ЕЭК Кеңесінде өз елінің атынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қатысады. Тиісті хабарлама ЕЭК-ке түсті», - деп хабарлады комиссия.
Сұлтанов 2016 жылдың маусымынан бері Сауда және интеграция министрі, 11 қаңтардан бастап Премьер-Министрдің орынбасары қызметін де атқарды. Оған дейін 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Астана қаласының әкімі, одан бұрын, 2014 жылдың тамыз айынан бастап Қаржы министрі болған.