Bugin

Жәмішев «Қазақстан халқына» қорына шамамен қанша қаражат жиналатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев қорға шамамен 100 млрд теңге жиналатынын мәлім етті. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

- «Біздің болжамымыз бойынша, қорға 100 млрд теңге жиналады. Біз осы 100 млрд теңгеге ең бірінші кезектегі мәселелерді реттеуге тырысуымыз керек. Егер тағы 50 млрд теңге аударылса, екінші және үшінші кезектегі шаруалар шешуге болады», - деді ол.

Оның айтуынша, қор тек атаулы көмек беріп шектеліп қана қоймай, жүйелі түрде шешуге болатын мәселелерді реттеуге тырысады.