Bugin

Павлодар колониясының «экс-жедел уәкілі» Тоқаевқа үндеу жолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзін әділет капитаны деп таныстырған ер адам – Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) АП-162/4 мекемесінің жедел бөлімінің анықтаушысы Тасболат Жақаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді. Бұл Bugin.kz порталы kaztag.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

- «2022 жылдың 12 қаңтарында сағат 20.00 шамасында мекеме басшысының режим және жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Тоендықов Нұрланның бұйрығымен режим басқармасының бастығы Алимов Талғатпен бірге қара пакет әкеліп, одан кейін 2022 жылдың 14 қаңтар күні мені департаментке шақырды, онда департамент бастығының орынбасары Әшімов Мақсат Төлегенұлы қорқыту арқылы өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуға мәжбүр етті», - дейді белгілі журналист Михаил Козачков жариялаған видеода полиция формасын киген адам. 

Одан кейін видео авторының айтуынша, ол және отряд басшысы Дәурен Елішев жұмыстан босатылып, «Тоендықов пен Әлімов әлі ештеңе болмағандай жұмыс істеп жатқан көрінеді».

- «Департамент бастығы Мұстафинов Әділет Қажетұлы мені тыңдағысы келмеді, себебі бұл тұлғаларды Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Әшімов Мақсат Төлегенұлы басқарады. Осы жағдайды қарап шығуыңызды сұраймын, зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғандықтан, әділдік орнағанын қалаймын. Мен төрт баланың әкесімін. Бұрын қызметке қатысты шағымдар болған емес», - деді ер адам.