Bugin

«Мен өте ұзақ ойландым» - Президент отставкаға кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Армения президенті Армен Саркисян отставкаға кетті. Бұл туралы Bugin.kz порталы president.am сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Мен өте ұзақ ойландым және төрт жылға жуық белсенді жұмыстан кейін Армения президенті қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Бұл мүлдем эмоционалды шешім емес және белгілі бір логикадан туындайды», - деді Саркисян Армения президентінің сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Ол «Ел мен ұлт үшін қазіргі күрделі кезеңде ішкі және сыртқы саясаттың іргелі үдерістеріне әсер ету үшін президентте қажетті құралдар жоқ» - деп атап өтті.

Саясаткер «Ұлттық бірлік қажет кезде президент институты өсек пен қастандық теориясының объектісі болмауы керек» - деп атап көрсетті.

Осылайша, оның айтуынша, ол қоғамның назарын «ең маңызды мәселелерден» алшақтатады.