Bugin
Алматыда бүлікшілер телеорталықты өртемес бұрын сол жерде намаз оқыған. Бұл туралы Bugin.kz порталы КТК телеарнасының «Январь: хроника беспредела» атты деректі фильміне сілтеме жасап хабарлайды.
Деректі фильмде Алматы қаласындағы медиаорталыққа бүлікшілердің қалай келгені көрсетіліп, сырттағы және іштегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлар жарияланған. Бейнежазбадан бүлікшілердің алдымен намаз оқып, содан кейін ғимараттың есігін бұзып, ішке қалай кіргенін көруге болады.
- «Олар «Мир» арнасының үш кабинетін өртеп жіберген. Алдымен эфирге шығатын бөлмені, сосын құжаттар тұрған қабылдау бөлмесін және жаңалықтар шығатын «ньюсрум» бөлмесін өртеп жіберді», – дейді «Мир» телеарнасының журналисі Кирилл Харламов.