Bugin
Бүгіннен бастап Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жеке тұлғаларға өтемақы төленеді. Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкімнің орынбасары Ілияс Өсеров хабарлады.
Жарақат алып, зардап шеккендерге өтемақы үш санат бойынша беріледі:
- ауыр дәрежеде - 2 млн теңге;
- орташа дәрежеде - 1 млн теңге;
- жеңіл түрде - 500 мың теңге есебінде.
Сонымен қатар ТЖ кезінде жұмылдырылған полиция департаментінің қызметкерлеріне, Қоғамдық денсаулық басқармасының қызметкерлеріне, құтқару қызметінің қызметкерлеріне қаржылай көмек төленеді.