Bugin

Президент Ұлттық статистика бюросының басшысын қызметінен босатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрболат Айдапкелов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда сайтында.