Әлем
Біріккен Араб Әмірліктері Йеменнің солтүстігінде билеуші Ансар Аллах (хуси) көтерілісшілерінің екі баллистикалық зымыранын жойды, деп хабарлайды bugin.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
The National жергілікті газеті тұрғындардың таңғы 4.30 шамасында елорда аспанындағы жарқылдың куәсі болғанын хабарлады.
«Баллистикалық зымырандардың қалдықтары Абу-Даби төңірегіндегі арнайы аймаққа құлады», - деді БАӘ қорғаныс министрлігі.
Аталмыш шабуылдан ешкім зардап шеккен жоқ. Десе де осы оқиғаның салдарынан Абу-Даби халықаралық әуежайындағы қозғалыс бір сағатқа тоқтаған болатын.