Қоғам

«Самұрық-Қазына»: әрбір қазақстандыққа ұлттық байлықтан үлес беріле ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өз жұмысын түбегейлі өзгертейін деп жатыр. Бұл ақпарат туралы Қор басшысы Алмасадам Сәтқалиев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Қор басшысының айтуынша, «мемлекет басшылығының саяси ерік-жігерінің арқасында қор жұмысын түбегейлі өзгерте алатын мүмкіндікке ие болып отыр».

«Біз конструктивті ұсыныс айта алатын кез келген адамның пікірін тыңдап, оны реформалау жөніндегі жобамызға енгізуге дайынбыз. Жақын күндері жоспарымыздың барлығы ашық дереккөздерге жарияланады. Сұрақтарыңыздың бәріне жауап беруге дайынбыз», - деді Сәтқалиев.

Сонымен қатар реформаның негізгі приницптері ретінде ол ашықтық, есеп беру, бизнестің кедергілерін жою, әлеуметтік жауапкершілік пен сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтты.

«Менің ойымша, ең басты реформа – Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ұлттық байлықты әділ бөлудің элементі ретінде Қордың активіне иелік етуге тікелей қатысу мүмкіндігі болмақ», - деп жазды ол.

Қор басшысы осы және өзге де өзекті сұрақтар 26 қаңтар күні әлеуметтік желіде өтетін тікелей эфир кезінде бизнес қауымдастықпен талқыға түсетінін де жеткізді.