Әлем

Пентагон Байденге 50 мың АҚШ әскерін Шығыс Еуропаға жіберуді ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байден АҚШ әскерін, кемелер мен ұшақтарды Балтық елдері мен Шығыс Еуропаға  орналастыру бойынша мәселені қарастырып жатыр. Бұған Ресейдің Украинаға басып кіруі мүмкін деген қорқыныш әсер етіп отыр. Бұл туралы  Bugin.kz порталы Meduza басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

The New York Times газетінің хабарлауынша, 22 қаңтарда АҚШ Қорғаныс министрлігі Байденге Ресеймен шекаралас аймаққа әскерді қалай орналастыру керек деген мәселеде бірнеше нұсқа ұсынған.

Бұл ұсыныстар бойынша Шығыс Еуропаға мыңнан бес мыңға дейінгі әскерді, керек болған жағдайда осындай топтардың санын он есеге көбейтіп орналастыруды ойластырып жатыр. Әзірге аталған нұсқалар бойынша Украинаға әскер әкелу әлі қарастырылмады.

Джо Байден алдағы апталардың ішінде әскер жіберу керек пе, жоқ па деген сұрақ бойынша шешім қабылдайды.