Әлем
АҚШ Мемлекеттік департаменті Киевтегі Америка елшілігі қызметкерлерінің отбасыларына елден кетуге бұйрық берді. Сондай-ақ дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің бір бөлігіне де елден кетуге рұқсат берілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды bugin.kz порталы tass.ru сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекеттік департамент төтенше емес тапсырмаларды орындайтын АҚШ мемлекеттік қызметкерлеріне елден кетуге рұқсат берді. Сонымен қатар олар АҚШ мемқызметшілерінің отбасы мүшелеріне Киевтегі АҚШ елшілігінен кетуге бұйрық берді», - дейді баспасөз хатшысы.
Брифингте бұл бұйрықтың «елшіліктегі барлық қызметшілердің отбасы мүшелеріне» қатысты екені түсіндірілді.