Әлем
НАТО-ға мүше елдер Ресейдің Украина маңындағы әскери қуатын арттыруға байланысты Шығыс Еуропадағы әскерін күшейтпек. Сол себепті аймаққа қосымша күш, соның ішінде кемелер мен жауынгерлер жіберіледі. Бұл туралы альянс сайты жазды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Деректерге сәйкес, Дания Балтық теңізіне фрегат жіберіп жатыр және аймақтағы әуе патрульдік миссиясын қолдау үшін Литваға төрт F-16 жойғыш ұшағын жіберуді жоспарлап отыр.
Испания да НАТО әскери-теңіз күштеріне қосылу үшін өз кемелерін жіберіп жатыр. Олар Болгарияға жойғыш ұшақтарын жіберуді қарастыруда.
Сонымен қатар Франция Румынияға әскерін жіберуге дайын екенін жеткізді.
Ал сәуір айынан бастап Нидерланды Болгарияға екі F-35 жойғыш ұшағын жібереді.
Осылайша АҚШ Шығыс Еуропаға қосымша күш жіберетінін ашық көрсетіп отыр.