Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКүні бүгін «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы болып сайланған Әнуар Жанғозин осыдан үш жұл бұрын өзі еден жуып, шаң сүртіп, аталмыш эстафетаны басқа басшыларға жолдаған еді. Бұл бастаманы ол Facebook парақшасында жазған болатын, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
#өзіңненбаста деген хештегпен басталған жазбасында Білім басқармасының жетекшісі оқушылардың мектепте еден жууына қатысты ақпаратты түсіндірде кеткен.
- «Соңғы күндері елордалық мектептерде былтырдан бастап орын алған бастамаға қатысты көптеген пікірталастар туындауда. Атап айтқанда, оқушыларға мектеп ғимаратын тазалау кезінде техникалық қызметкерлерге көмек көрсету. Жалпы, бұл әр оқушы еден жуу керек деген сөз емес, осыны бірден атап өткім келеді. Бастама асханада ыдыстарын жуатын жерге апару немесе сабақтан кейін жұмыс орнын таза ұстау, кейбір жағдайда сыныптар мен дәліздерді жинауға көмектесу сияқты жұмыстар. Бұл біздің балаларымыздың бойында басқа адамдардың еңбегін құрметтеу және қоршаған ортаға күтіммен қарау дағдыларын дамыту үшін жасалады. Әрине, балалардың қалауы бойынша ғана іске асатын шаралар екенін ескертеміз.
Тек сырттан бақылаушы рөлін атқармас үшін, мен бүгіннен бастап әр кеш сайын техникалық қызметкер әйелдерге өз кабинетімді тазалау арқылы олардың жұмысын жеңілдетіп, көмектесуге шешім қабылдадым. Бұған былай қарағанда 15-20 минут қана уақыт кетеді.
Бүгін #өзіңненбаста эстафетасына бастама бере отырып, елордалық білім беру ұйымдарының басшыларын біздің балаларымызға өзіміз бұл жұмыстың ешқандай қиын және ұятты емес екенін көрсетуге шақырамын» - деп жазған болатын.
Әнуар Жанғозин 1986 жылы дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Математика" мамандығы бойынша және Назарбаев университетінің магистратурасын "Білім беруді басқару" мамандығы бойынша бітірген.
2008 жылдан 2011 жылға дейін "Назарбаев Зияткерлік мектептері" Әдіснамалық процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеген.
2011 жылдан 2016 жылға дейін Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика пәнінің мұғалімі, директор болып жұмыс істеген.
2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтанда Білім басқармасының басшысы болған.
Еске сала кетейік, осыдан үш жыл бұрын әлеуметтік желіде елордалық мектептердің бірінде сабақтан кейін балалардың еден жуатыны туралы ақпарат тараған болатын. Пікір екіге бөлініп, бірі қолдаса, бірі сынға алған болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61