Bugin

«Самұрық-Қазына» қорының төрт еншілес компания басшылары қызметінен босатылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрт еншілес компания басшыларының өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ сайтында жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

2022 жылғы 24 қаңтардан бастап өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды:

"Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС бас директоры Аслан Сұлтановтың,

Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасы Болатқан Сандықбаевтың,

"Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС бас директоры Алмас Ақыловтың,

"Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС бас директоры Серікбек Елшібековтің.