Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда "Орталық Азия – ҚХР" атты саммитке қатысады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Іс-шара дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған. Жиын онлайн өтеді. Саммитке Қытай тарапы бастамашы болды, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.
Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды. Жиын қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған.
Айта кетері, Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 3 қаңтарда орнатылды. Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстарға 30 жыл толып отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61