Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында халықаралық қауымдастыққа үндеу жолдады, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
«Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастыққа әрқашан ашық. Біз еліміздің және халқымыздың игілігі үшін әріптестермен тығыз байланысты нығайту бағытын жалғастырамыз. Біздің «ашық есік» инвестициялық саясатымыз да өзгеріссіз қалады», - деп жазды мемлекет басшысы.