Bugin

«Елбасымызды жамандауды доғарсаңыздар!» - әнші

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал КешYou тобының экс-әншісі Назым Әбілдина Қазақстанда болған «Қаңтар қырғынына» байланысты ойын желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Соңғы уақыттары елімізде болған жағдайларға байланысты, біраз эмоционалды тұрғыда өз-өзіме келе алмай жүрдім. Ойласам, амалым жетпей тек қайғырумен болдым. Қайран елім!

Қаншалаған пікіріммен бөліспедім. Десе де саясатқа араласқым келген жоқ. Өйткені жоғарыда саяси сауаты мықты, ақылды, парасатты адамдардың барына, еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосатындығына сеніммен қарадым.

Бірақ мен өз тарапымнан «Бәрі өз қолымызда» екенін айтқым келеді. Достар, шынында еліміздің жаңаруына, өркендеуіне бәріміз үлес қосайықшы! «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - дегендей, баршаңызды бірлікке шақырғым келеді!

Сондай-ақ барша құқық қорғау органының қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге ерекше рахметімді айтамын! Қалайда халық қамын жақсарту мақсатында еңбек етіп жүрген Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін! Қанша қиын кезеңдерді бастан өткеріп, бізбен бірге болған Елбасымызды жамандауды да доғарсаңыздар деймін! Себебі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі уақыттарда, ол кісінің жасаған еңбегін жоққа шығара алмаймыз! Барша қаза болған құрбандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын!

Мен өз елімді сүйемін! Елімдегі әрбір оқиға, менің жаныма батады! Бұл менің Қазақстаныма деген сүйіспеншілігімнен деп білемін», - деп жазды ол.