Bugin

Буркина-Фасода әскерилер билікті басып алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше Буркина-Фасода әскерилер төңкеріс жасап, президентті ұстап, телеарнаны басып алды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Содан кейін әскери көтерілісшілер үндеу жасады. Олар ел үкіметі мен парламенті таратылды, конституцияның жұмысы тоқтатылды, шекара жабылды деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Президент Рок Марк Кристиан Каборе ұсталды. Билікті әскерилерге беру туралы подполковник қол қойған хабарлама республикалық телеарнадан оқылды.

Қазіргі уақытта республика аумағында коменданттық сағат енгізіліп, интернет те өшірілді.

Әскерилердің айтуынша, билікті басып алу зорлық-зомбылықсыз жүргізілген, ұсталғандардың барлығы қауіпсіз жерде.