Bugin

Қаңтар трагедиясы: Ата-анасы ұлының мәйітін ала алмай жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Азаттық радиосына белгісіз куәгер ауруанадан қарулы жасақтың Алматы трагедиясында жараланған азаматтарды әкетіп жатқан видеосын жіберді, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Куәгердің сөзінше, видео 9 қаңтар күні Алматыдағы жедел көмек көрсету ауруханасында түсірілген.

Емделушілерге киінуге де мұрша бермей сүйреп алып шыққан. Автозакқа тиеп қайда алып кеткені белгісіз.

«Арнайы жасақ пен полиция оқ тиген жаралылардың бәрін ұстап әкетті. Оларды палаталарда ұрып-соғып, тіпті киінуге де мұрша бермеді. Үстеріне төсек жаймасын жамыла салып, жалаңаш шығып кетті. Аурухана қызметкерлері қорқып қалған. Ешқандай ақпарат бермейді. Дәрігерлер «ауруханаға бекер жатқыздық» деп өкініп қалды. Оларды ұстап әкетеді деп ойлаған жоқ», - дейді оқиға куәгері.