Bugin
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) басшысы, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
- «Сыртқы істер министрлігі Президенттің (Тоқаев) Олимпиада ойындарына қатысуы мәселесін пысықтап жатыр. Екі апта бұрын Бейжің тарапы еліміздің басшылығын шақырғаны туралы ресми ақпарат тараған болатын. Біз Олимпиада ойындарына толық қатысамыз», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Тимур Құлыбаевқа қатысты ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков «Олимпиада комитеті басшысының қатысуы жоспарланғанын» айтты.