Weekend

Жүрегі ізгіліктен жаралған жандар кімдер?

Жылулық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жүрегі ізгіліктен жаралған жандар кімдер? Сені сүйген, оны сүйген, мені сүйетін кім? Ойланбастан екі адамды айтуға болады. Олар біздің әке-шешеміз, ата-анамыз. 

Балаларына өзінің бар маxаббаты мен бар өмірін арнайтын сол жандарға алғысымыз шексіз және ол кісілерге мәңгілік қарыздармыз. Әке мен шешенің орны әрқашан бөлек. Екеуі екі бөлек әлем, екі бөлек маxаббат! Жандарынан шуақ, жүректерінен мейірім төгіліп тұратын сол мейірбан кісілер. Күні-түні аянбай еңбек етіп, балаларының бақыты үшін өздерін отқа да, суға да салудан аянбайтын тағы да сол кісілер. Кішкентай кезінен әлпештеп өсіретін, мейірім төгетін, маxаббатына бөлейтін тағы да сол екеуі. Әке мен шеше үшін перзенттерінің бақыты маңызды. Өмірлерінің жалғасы, маxаббаттарының жемісі балаларының бақыты үшін кімде-кім болса да күреспек. Өзі жетпеген жетістікке баласы жетуі, өзі шықпаған белеске баласының шығуы әке-шешесі үшін өте маңызды. Кейде әке мен шешенің балаларына көп талап қоюы осы себептен бе екен? Оны баласы дұрыс түсінсе жақсы, ал егер түсінбесе одан ешқандай пайда жоқ. Әке мен шеше бала өмірінің басты құндылықтары. Баланың болашақтағы өмірінің алғашқы баспалдақтарының құраушысы, қиын тұста демеушісі ол әке-шешесі. Қиналғанда жанына қуат, қуанғанда жанына шуақ беретінде екеуі. Баланың қабілетін, мінезін, қызығушылығын білетін де сол екеуі. Қанша баласы болса сонша мейірімін төгетін де сол мейірбан жандар. Алтыннан да қымбат жандарды жақсы көруіміз, оларды ардақтауымыз қажет.