Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚаңтар оқиғасында заңсыз ұсталғандарға көмек көрсету жөніндегі қоғамдық комиссия жұмысын бастады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
- «Қоғамдық комиссия қаңтар оқиғасы кезінде заңсыз қамауға алынған және қуғынға ұшырағандардың мүддесін қорғау үшін құрылған. Ондағы негізгі мақсат бейбіт шеруге қатысқаны үшін тергеліп жатқан, бірақ қылмысқа қатысы жоқ, сондай-ақ қылмысқа қатысы жоқ адамдарды қылмыстық қудалау орбитасынан шеттету. Сонымен қатар, комиссия мүшелері бейбіт митингіге шыққандарды қылмыстық мақсатты көздеген адамдардан анықтауды көздеп отыр», - деп хабарлады комиссия.
25 қаңтар күні кешке «Аманат» адвокаттары қаңтар оқиғасы кезінде жараланған 11 адамды босатуды қамтамасыз етті. Бұған дейін бірнеше жәбірленушіні полицейлер ауруханадан уақытша тергеу изоляторына ауыстырған болатын.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61