Bugin

Саясаттанушы: «Элиталық топтардың бірі президентке соққы беруді ұйғарды»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Risk Assessment Group консалтингтік компаниясының директоры Досым Сәтбаев қаңтар оқиғасының орын алуына себеп болған жағдайды атап өтті. Бұл туралы Bugin.kz порталы Forbes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол, Ұлттық қауіпсіздікке төнген басты қауіп – оппозиция және жалпы оппозициялық көңіл-күй емес, біздің элита, саяси – тырнақшадағы – «элита» екендігін айтты.

- «Дәл оның тиімсіз жұмысының, көптеген әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың орындалмауының кесірінен біз қазір әлеуметтік жарылыстың негізін қалаған мәселелерге тап болып отырмыз», - деді саясаттанушы.

Сондай-ақ, саясаттанушы Қазақстанда саяси реформалар жүргізілуі керектігін айтты.

– «Элиталық топтардың бірі президентке соққы беруді ұйғарды, ол өз кезегінде ҰҚШҰ-ны оққағар – оққағар ретінде шақырды. ҰҚШҰ Қазақстанға антитеррорлық күрестің бір бөлігі ретінде емес, элита ішілік қақтығыстардың қатысушысы ретінде шақырылды деп есептеймін. Мұның бәрі осындай қауіпті жағдайларға әкеліп соғады, өйткені Қазақстанда мемлекеттік саясат жоқ – оны элитаның өзі жойып жіберді. 30 жыл бойы элита ұлттық қауіпсіздік ұғымын бұрмалап, оны өзінің жеке қауіпсіздігі ретінде қабылдады. Мұны түзейтін жалғыз нәрсе – саяси реформалар: заң үстемдігі, жаңа парламент, жаңа сайлау жүйесі, әкімдерді сайлау. Бізде бұл «бірінші экономика, содан кейін саясат» - бәрі қатар жүруі керек» - деді Досым Сәтбаев.